Алматы қалалық әкімшілігі неміс кәсіпкерлеріне болашағы бар инвестициялық жобаларды таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігі неміс кәсіпкерлеріне болашағы бар инвестициялық жобаларды таныстырды

Алматы қалалық әкімшілігі неміс кәсіпкерлеріне болашағы бар инвестициялық жобаларды таныстырды

Алматы қалалық әкімшілігі Германия экономикасының Қазақстандағы күндеріне қатысушы неміс кәсіпкерлеріне болашақ ынтымақтастық пен өзара байланыстар орнату үшін болашағы бар инвестициялық жобаларды таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-қыркүйектен бері Алматыда Германия экономикасының Қазақстандағы күндері өткізілуде. Дәстүрге айналған бұл шараның биылғы тақырыбы — «Германия экономикасы — Қазақстанға хош келіпсіздер!» деп аталады. Шараның мақсаты Қазақстан және Германия фирмалары арасындағы іскерлік байланыстарды қолдау, Қазақстанда жұмыс істейтін және осында бизнесін бастауға құлық танытқан неміс компаниялардың тұсаукесерін өткізу болмақ.

Шараға химия, фармацевтика, электротехника, тоқыма және мұнайгаз өнеркәсібіне арнап құрал-жабдық өндіру, тұрғын үйлер, азаматтық және өнеркәсіптік нысандарды жобалау, биотехнология және медицина салаларында жұмыс істейтін неміс компанияларының 160-тай өкілі қатысты.
Алматы қалалық әкімшілігінің экономика департаментінің бастығы Лариса Васильеваның айтуынша, «қаладағы кәсіпорындардың дені аяғынан нық тұрған, бірақ олардың басым көпшілігі технологияларын жаңалаудан мүдделі. Бұл істе оларға Германиялық кәсіпорындар қолұшын бере алады». Сондай-ақ, Алматыда метро құрылысын салу жұмыстары қолға алынып, монорельсті жол тартыла бастауына байланысты кабельді және электротехникалық өнімдерге деген сұраныс ұлғая түспекші.

Перейти к новостям спорта