Алматы қалалық әкімшілігі оралмандар құрған кәсіпорындарға кең көлемді қолдау көрсетпек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігі оралмандар құрған кәсіпорындарға кең көлемді қолдау көрсетпек ниетте

Алматы қалалық әкімшілігі оралмандар құрған кәсіпорындарға кең көлемді қолдау көрсетпек ниетте

Алматы қалалық әкімшілігі оралмандар құрған кәсіпорындарға кең көлемді қолдау көрсетпек ниетте. Бүгін, 18-қарашада Алматы қалалық әкімшілігінде оралмандар мәселесі бойынша өткізілген жиында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық көші-қон және демография жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде Алматы қаласында мемлекеттік мекемелерде тіркелген 3176 репатриант, немесе, республика бойынша тіркелген оралмандардың 1 проценті тұрады. 2004-жылғы жағдаймен Қазақстанға алыс-жақын шетелдерден 320 мың қазақ оралды.

Бүгінде Алматы қаласына бөлінетін квотадан үміткер ретінде негізінен Өзбекстан мен Қытайдан 1618 отбасы тұр. Ал 2004-жылға арнап Елбасы бекіткен квота 55 отбасын қамтиды.
Оралмандардың Алматыға квотадан тыс, бақылаусыз көшіп келіп қоныстануы басты проблемалардың біріне айналды. Жеке баспанасы жоқ отбасылар үшін 2001-жылы әкімшілік Өжет ауылы маңында 186 жер учаскесін бөлген. Қазір онда Байбесік деп аталатын оралмандар ауылы бой көтеруде. Ауылға жергілікті бюджет есебінен электр және су құбыры желісін тартуға қаржы бөлінді.
Оралмандар үшін ең өзекті тауқыметтің бірі — еңбек рыногында оларға деген сұраныстың жоқтығы болмақ. Репатрианттардың басым бөлігі арнаулы мамандық игермеген, көпшілігі орыс тілін білмейді. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің бастығы Амангелді Нұрлановтың айтуынша, бұл тауқыметті шешу үшін оралмандарды бюджет қаржысы есебінен мамандықтарға баулу және тіл үйрету, сондай-ақ, жұмыс берушілерді жұмысқа репатрианттарды қабылдауға ынталандыру шараларын қолдануға болар еді.
Оралмандарды кәсіпорындар құруға және оны дамытуға ынталандыру да проблеманың тағы бір шешімі болмақ. Шағын бизнесті дамыту департаментінің ақпаратына сәйкес, репатрианттар бүгінде тауар шығару және халыққа қызмет көрсету бағытында 30-дай шағын кәсіпорын құрған. Алайда, айналым қаржысының тапшылығына және өндірістік мекен-жайлардың жоқтығына байланысты олардың дамуы тежеліп отыр. Кеңес қорытындысы бойынша, қала әкімі Виктор Храпунов жер ресурстары жөніндегі департаментке аталмыш кәсіпорындарға жер учаскелерін беру мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырма берді. Кәсіпкерлікке ынтыландыруға бағытталған басқа да шешімдер кейінірек жария етіледі.

Перейти к новостям спорта