Алматы қалалық әкімшілігіне жеңілдетілген бағаға ипотекалық несиемен тұрғын үй алуға 10,5 мың өтініш түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігіне жеңілдетілген бағаға ипотекалық несиемен тұрғын үй алуға 10,5 мың өтініш түсті

Алматы қалалық әкімшілігіне жеңілдетілген бағаға ипотекалық несиемен тұрғын үй алуға 10,5 мың өтініш түсті

Алматы қалалық әкімшілігіне жеңілдетілген бағаға ипотекалық несиемен тұрғын үй алуға 10,5 мың өтініш түсті. Бұл - тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы ипотекалық несие беру жүйесінің мүмкіндіктеріне сай келмейді. Бұл туралы бүгін, 31-мамырда Алматы қалалық әкімшілігінде өткен кеңейтілген мәжілісте қала әкімінің бірінші орынбасары Яков Заяц мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде 5646 адам қажетті құжаттарды толық рәсімдеді, 2235 адам екінші ипотекалық несие беру шарасына қатысушы екінші деңгейлі банктерге төлем қабілетін дәлелдеді, деді Я.Заяц.

Әкім орынбасарының хабарлауынша, 28-мамыр, сенбіде Алматыда ипотекалық несие беру бағдарламасына сәйкес салынған алғашқы тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ипотекалық несие беру жүйесі шеңберінде сатылатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 350 долларды құрайды. Алайда, әкім орынбасарының айтуынша, Алматы қалалық әкімшілігі бұл бағаға 1,27 деген коэффицент енгізуге қол жеткізді. Бұл коэффицент Алматыдағы тұрғын үйлердің жер сілкінісіне төзімділік талабына сәйкес жоғары технологияларды қолдану үшін енгізілген, бірақ оған инженерлік желілер мен үй аумағын жайластыру шығындары қамтылмайды. Сөйтіп, Алматыда ипотекалық несиемен берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 444 АҚШ долларына тең болмақ.

Перейти к новостям спорта