Алматы қалалық білім басқармасына әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттеме жүктелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық білім басқармасына әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттеме жүктелді

Алматы қалалық білім басқармасына әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттеме жүктелді

Алматы. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Алматы қалалық білім басқармасына әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттеме жүктелді. Мұндай тапсырма жұма күні Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жоғары және жалпы білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие процессін жетілдіру және Алматы қаласында тұратын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ішкі істер органдары мен білім беру жүйелерінің өзара байланысы жөнінде мәселе қараған кеңесте берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 815
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңескеҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, жоғары оқу орындарының ректорлары, колледждер мен мектептердің директорлары, сонымен қатар құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында мына мәселелер талқыланды: студент жастар арасында наша тарату, олардың саяси және діни ағымдарға тартылуы, жезөкшелік, коррупция, оқу орындарында ақша жинау, жатақханалардың жетіспеуі, материалдық жағдайдың , сондай-ақ жастар мен өскелең ұрпақ арасында мәдени- адамгершілік және патриоттық тәрбиенің төмендігі.

Алматы әкімі жастар проблемасын шешуде бірқатар ұсыныстарды айтты. Атап айтқанда, студенттер үшін жатақхана салу жөнінде арнайы қалалық бағдарлама жасау, жастардың қалалық шығармашылық орталығын ашу, дарынды жастарды қолдау мақсатында жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры мен Ақпараттық технологиялар паркі және түрлі бизнес- құрылымдар арасында өзара іскерлік байланысты нығайту.

Ахметжан Есімовтың басты ұсыныстарының бірі Алматы маңынан арнайы студенттер қалашығын салу болды. Бұл әлемнің дамыған мемлекеттерінің бәрінде кеңінен тараған. Әкімнің сөзінше, қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан құрылыс бағасы төмендеген кезеңде мұндай жобаны жүзеге асыру мемлекет үшін өте тиімді болар еді. Бұл жоғарғы оқу орындарындағы оқыту сапасын жақсартып, оқушылар мен оқытушыларға ғылыммен айналысу үшін қолайлы жағдай жасайтынына қала басшысы баса назар аударды.

«Біздің әрқайсымыздың қызметіміздің бағыты мен құзыры әртүрлі. Ал мақсатымыз ортақ — қаланың жоғары оқу саласын дұрыс жолға қою. Сондықтан мен барлықтарыңызды бірігіп жұмыс істеуге шақырамын. Тағы да қайталап айтамын, күшімізді біріктірсек , отандық білім беру жүйесін одан әрі дамыту барысында біз жеңбейтін кедергі болмайтындығына мен нық сенімдімін»,- деді Ахметжан Есімов кеңеске қатысқан білім беру жүйесінің қызметкерлеріне.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, олардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда да бірқатар оң шаралар жүзеге асты. Мысалы, тура бір жыл бұрын Алматыдағы 178 мектепте полицияның мектеп инспекторлары енгізілді.

Мектеп әкімшіліктері мен мектеп инспекторларының бірігіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде құқық бұзушылық азайды, жағдай жақсарды, тұрақтылық қалыптасып, ақша талап ету, ұрлық жасау тоқтады

Ахметжан Есімов балалар жасайтын қылмысқа қарсы күресті одан әрі жетілдіру үшін бірқатар қала қызметтеріне тапсырма берді.

Ішкі істер департаментіне жасөспірімдер арасында ішімдік пен темекі сататындарды анықтау, сонымен қатар, білім басқармасымен бірлесе отырып полицияның мектеп инспектрларының санын 13 бірлікке дейін көбейтіп, оларды балалар үйлері мен интернаттарға да енгізуді тапсырды. Білім басқармасы әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттенді. Денсаулық сақтау департаменті оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу кестесіне олардың бұрын нашамен әуестенгенін анықтайтын тест қосатын болды.

Өз қызметтерінде ерекше көзге түскен білім беру мен полиция қызметкерлері Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар