Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне компьютерлердің екінші партиясы табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне компьютерлердің екінші партиясы табыс етілді

Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне компьютерлердің екінші партиясы табыс етілді

Бүгін, 16-шілдеде Алматыда АҚШ-тың Халықаралық Даму жөніндегі Агенттігінен (ЮСАИД) қаржыландырылатын табиғи байлықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі бағдарламаға (NRMP) сәйкес Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіне компьютерлердің екінші партиясы табыс ету рәсімі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЮСАИД-тың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 770
Фото - Caravan.kz

Компьютерлік желі департамент жұмысының қарқыны мен сапасын арттыруға септігін тигізеді деп жоспарланған.

Бұл жолы NRMP бағдарламасы департамент пен оның 6 аудандық орталығына 14 компьютер берді. Бұл жабдық департаменттен әлеуметтік көмек сұрай келген зейнеткерлер мен кедейлер қауымының арыз-құжаттарын өңдеу процессін жақсартып, қарқынын арттырмақ. Сонымен бірге, департамент пен оның аудандық бөлімшелері және орталық ведомство арасындағы ақпараттық байланыстың сапасы артады. NRMP бағдарламасы алдағы уақытта департаментке веб-сайт ашу, мәліметтер жинағын құрастыру жұмыстарына қол ұшын беру арқылы департамент пен қоғам арасындағы байланысты дамытуға, жұмыс сапасын жақсартуға түрткі болмақ ниетте.
Өткен жылдың қазан айында NRMP департаментке 14 компьютер, принтерлер, сканерлер және факстерден құралған жабдықтар жинағының бірінші партиясын табыс еткен. Бағдарлама мамандары департамент қызметкерлеріне компьтерлік технологиялар мен кеңсе құралдарын игерту бағытында оқыту бағдарламасын жүзеге асырып, тұтынушылармен жұмысқа машықтандыруға арналған тренинг-семинарлар өткізген.
Департамент мәліметіне сәйкес, соның нәтижесінде құжаттарды өңдеу мерзімі 17-18 минуттан 10-12 минутқа дейін қысқарып, есік алдындағы кезектерді қысқартуға мүмкіндік жасалды.
Соның арқасында әлеуметтік көмекке шын мәнінде зәру жандарға дер кезінде қол ұшын беру процессі жетілдірілді.

Соңғы жаңалықтар