Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады

Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады

Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады. Бұл туралы бүгін, 9-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы, әділет саласының генерал-майоры Молдияр Оразалиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

М.Оразалиевтің айтуынша, қазіргі жағдаймен қалалық ІІББ бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына Марат Қожаев, тергеу басқармасының бастығы болып Берік Қожамбердиев тағайындалды. Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында таяуда құрылған ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымынан үміткер ретінде Игорь Моргунның кандидатурасы ұсынылып отыр. Сондай-ақ, М.Оразалиевтің айтуынша, Алматы қалалық ІІББ-ның кадр және тәрбие жұмыстары жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалмақшы.

Генерал-майордың хабарлауынша, «алабөтен құрылымдық өзгерістер болмайды. Бір айта кетерлігі, ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ІІМ-не тікелей бағынышты болып, есірткі саудасымен күрес басқармасы комитет түрінде қайтадан құрылады». М.Оразалиевтің айтуынша, басқармаға Станислав Ридный жетекшілік етеді.
Жаңадан қүрыған ішкі қауіпсіздік және есірткі саудасымен күрес басқармалары ІІББ-ның құрылымында қалады, бірақ олардың мәртебесі өзгереді,- деді Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы.

Соңғы жаңалықтар