Алматы қалалық ІІД банктер мен ақша айырбастау орындарының басшыларынан клиенттерге қарақшылық шабуыл жасау оқиғаларының алдын алуға атсалысу жөнінде ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық ІІД банктер мен ақша айырбастау орындарының басшыларынан клиенттерге қарақшылық шабуыл жасау оқиғаларының алдын алуға атсалысу жөнінде ұсыныс жасады

Алматы қалалық ІІД банктер мен ақша айырбастау орындарының басшыларынан клиенттерге қарақшылық шабуыл жасау оқиғаларының алдын алуға атсалысу жөнінде ұсыныс жасады

Алматы. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД банктер мен ақша айырбастау орындарының басшыларынан клиенттерге қарақшылық шабуыл жасау оқиғаларының алдын алуға атсалысу жөнінде ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін қалалық Ішкі істер департаментінде Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындарының өкілдерімен кездесуде Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Александр Хван айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі

  • 20 Қараша 2008
  • 692
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Алматыда өткен 10 айдың ішінде қылмыскерлер банк пен валюта айырбастау бекеттерінің клиенттеріне 1 миллион 174 мың доллар шығын келтірді.

Биыл қалада қаржы мекемелеріне қарақшылық шабуыл жасауға қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмегенімен, олардың клиенттеріне қатысты жасалған қылмыс өршіп тұр. Қылмыскерлер қомақты қаржысы бар банк пен валюта айырбастау бекеттерінің клиенттерін аңду және оған қарақшылық шабуыл жасау жұмыстарын өзара екіге бөлініп атқарады.

Александр Хванның мәліметінше, қазір Алматыда 378 банк пен валюта айырбастау орны бар.

Криминалдық полиция басқармасы бастығы орынбасарының сөзіне қарағанда, қылмыскерлер өз жоспарын жүзеге асыру кезінде арнайы ескі көліктерді сатып алады. Қомақты қаржы алған, не валюта айырбастаған адамды бақылап отырған қылмыскерлер ол көлігіне отырып, тиісті орынға жеткенше артынан ілесіп отырады. Кейде түрлі жолдармен жолда көлікті тоқтатады немесе қазіргі кезде әдетке айнала бастаған жайттың бірі — жасанды жол-көлік оқиғасын ұйымдастырады. Көлік иесі сыртқа шыққан кезде оны ұрып-соғып, белсенді түрде қарсылық көрсете бастаса суық қару қолдануға дейін барады. Олар өздерінің бұл әрекетін жүзеге асыруға арнайы сатып алынған арзан ескі көліктерді пайдаланып, оны қылмыс жасаған жерде тастап кетеді. Сол себепті де олардың ізіне түсу көп жағдайда нәтижесіз аяқталуда. Сондай-ақ қаржы мекемелерінің көбінде ескі бақылау қондырғылары қойылғандықтан, бейнені айқындау қиын. Осылардан барып қылмысты дәлелдеу кей кезде қиындық тудырады.

«Биыл мамыр айында біз 9 адамнан тұратын бір қылмыстық топты ұстадық. Қазіргі таңда олардың 12 қарақшылық шабуыл мен 3 тонаушылыққа қатысы бар екені дәлелденіп отыр. Бұдан басқа қалада белсенді жұмыс жасаған құрамында 6-дан 10-ға дейін мүшесі бар тағы 4 қылмыстық топ құрықталды. Биылғы 10 айдың ішінде Алматыда 11 қарақшылық шабуыл мен 14 тонаушылық орны алып, одан банк пен валюта айырбастау бекеттерінің клиенттері 1 миллион 174 мың доллар зиян шекті», дейді полиция полковнигі А. Хван.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті