Болжамды тапсырма 3,7 процентке асыра орындалды. Мемлекет қоржынына құйылған түсімдер мөлшері 2003-жылғы тиісті мерзім көрсеткішінен 4,9 млрд. теңгеге артық болды.
Түрлі құқық бұзу әрекеттері бойынша 16 қылмыстық, 276 әкімшілік іс қозғалды. Қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына қатысты 32 дерек әшкереледі. Барлығы 30 шара өткізу нәтижесінде 48,7 кг түрлі есірткілер, соның ішінде 4,38 кг героин, 1 кг гашиш, 934 гр. апиын, 42,4 кг марихуана тәркіленді.