Алматы қалалық полициясы бір тәулікте 100 килодан астам марихуана мен 1 кило апиын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық полициясы бір тәулікте 100 килодан астам марихуана мен 1 кило апиын тәркіледі

Алматы қалалық полициясы бір тәулікте 100 килодан астам марихуана мен 1 кило апиын тәркіледі

Алматы қалалық полициясы бір тәулікте 100 килодан астам марихуана мен 1 килодай апиын тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 8 Қараша 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

7-қарашада қалалық ІІББ-ның оперативті қызметкерлері мен жол полициясының қызметкерлері Жамбыл облысы Шу ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Оның көлігінің жүк салғышынан салмағы 104 килоны құрайтын 5 қап марихуана табылып тәркіленді.

Сол күні қалалық ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес және жол полициясы басқармаларының қызметкерлері «Ақсай-2» ықшамауданындағы бір үйдің жанынан 29 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады, одан тінту барысында 87 кило апиын тәркіленді. Ол тұратын пәтердегі тінту нәтижесінде тағы да 877 грамм апиын шықты.
Жалпы алғанда өткен тәулікте Алматы қалалық ІІББ-ның шұғыл ақпарында заңсыз есірткі сақтау және сатуға қатысты 6 дерек тіркелді.

Перейти к новостям спорта