Жарияланды: 450

Алматы қалалық прокуратурасы ҚР үкіметінің бұрынғы басшысы Қажыгелдиннің Алматыдағы пәтерін тәркілеп алуға қол жеткізді

2003-жылы Алматы қалалық прокуратурасы бұрынғы ҚР үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдиннің Алматыдағы пәтерін мемлекет кірісі ретінде тәркілеп алуға қол жеткізді. Бұл туралы бүгін, 9-қаңтарда прокуратураның алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Алматы қалалық прокуроры Сәттібек Оңғарбаев хабарлады.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, пәтер ҚР Жоғары сотының 2002-жылғы шешімі бойынша Ә.Қажыгелдиннің Алматыдағы мүлкінің бір бөлігі ретінде тәркіленген болатын. С.Оңғарбаевтың айтуынша, сот үкімін орындатушылардың өз міндетін тиісті деңгейде атқара алмауы салдарынан пәтерді сот шешімі шыққаннан бір жылдан кейін ғана прокурорлық тексеру нәтижесінде тәркілеп алу мүмкін болды. Тәркіленген пәтер 13,3 млн. теңгеге сатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін