Алматы қалалық қаржы полициясы "Көмірбанк"-тің бұрынғы басшысын қаржылық қитұрқы әрекеттерге қатысы бар деп күдіктенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық қаржы полициясы "Көмірбанк"-тің бұрынғы басшысын қаржылық қитұрқы әрекеттерге қатысы бар деп күдіктенеді

Алматы қалалық қаржы полициясы "Көмірбанк"-тің бұрынғы басшысын қаржылық қитұрқы әрекеттерге қатысы бар деп күдіктенеді

Алматы қалалық қаржы полициясының департаменті "Көмірбанк" ААҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Серік Сансызбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған банк қаржысын кері қайтарылмайтындығы күні бұрын белгілі сенімсіз несиелерге таратып, банктің кепілдігін негізсіз берген деген айып тағылып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясының Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 637
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, С.Сансызбаев «Көмірбанк» ААҚ-ның басшысы болып тұрған кезде банктің ішкі ережелерін бұзып «Рената», «Лотус», «Oil Trading Ink», «Мыңбұлақ» тәрізді бірқатар серіктестіктерге банктің кепілдігін беру туралы келісім шартына қол қойған. С.Сансызбаев бұл серіктестіктердің банк алдында борышты екенін біле тұра ҚР Ұлттық банкіне жалған ақпарат беріп, аталмыш серіктестіктердің банкке берешегі жоқ деп көрсеткен. Әрі бұл серіктестіктер құрал-жабдығы мен қозғалыссыз мүлкін банк кепілдігіне қамтамасыздық ретінде ұсынды деп өтірік мәлімет берген . Серіктестіктерге несие беруге қаржы тарту мақсатымен экс-төраға «Көмірбанк» ААҚ-ның авалисі болып табылатын «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ алдындағы кепілдемелік міндеттемеге несиенің кері қайтаралымайтындығын біле тұра қол қойған.

С.Сансызбаевтың ойламсыз әрекеттері салдарынан «Рената», «Лотус», «Oil Trading Ink» және «Мыңбұлақ» ЖШС-нің векселі есебінен аталмыш серіктестіктердің есепшотына 10 млн. доллар аударылды.
Вексель бойынша есеп айырысу мерзімі аяқталса да аталмыш серіктестіктерден хабар болмағасын 2003-жылдың 20-наурызында «Қазақстан Эксимбанкі» 10 млн. доллар көлеміндегі вексельдік міндеттемелерді өз қаржысы есебінен жабуға мәжбүр болды.
Сондай-ақ, қаржы полициясының Алматы қалалық департаменті «Көмірбанк» ААҚ басқармалары төрағасының орынбасары Т.Қасымхановты тұтқындады. Оған «Oil Trading Ink» атты жалған серіктестік құрып, банктен берілген несиені өтеу үшін лауазымын бас пайдасына жаратпақ болған деген айып тағылып отыр.
Сөйтіп, тергеу барысында вексельдік аваль арқылы несие алған кәсіпорындардың 628,88 млн. теңгелік мүлкі мен қаржылық құралдары тұтқындалды.
Ал «Рената», «Лотус», «Oil Trading Ink» және «Мыңбұлақ» ЖШС-нің басшыларының үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ шеккен жалпы шығын көлемі 18,4 млн. долларды құрап отыр. Қазір «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ басқармаларының банк үшін көпе-көрнеу тиімсіз вексельдік кепілдеме жөніндегі келісімге қатысы бар-жоқтығы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар