Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аты-жөні нақтыланбай отырған екі Қытай азаматы «тауарлық белгіні заңсыз пайдалану негізінде сауда-саттық жасау дерегіне байланысты В. есімді азаматтың үстінен жинақталған көпе-көрнеу заңсыз әрекеттерге қатысты материалдар бойынша» қаржы полициясы департаментінің аға инспекторына 118 мың теңге көлемінде пара бергендігі үшін 2003-жылдың 12-қыркүйегінде ұсталған.
Аталмыш дерек бойынша, Алматы қалалық қаржы полициясы осы департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің лауазым иесіне пара беру жөніндегі 312-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
2003-жылдың 16-қыркүйегінде тұтқындарға пара беру жөнінде айып тағылды. Аталмыш қылмыстық істі тергеу аяқталып, айыптау жөніндегі қорытындымен прокурорға жіберілді.