Алматы қалалық қаржы полициясы өзінің әріптесін 25 мың доллар параға сатып алмақ болған бір ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық қаржы полициясы өзінің әріптесін 25 мың доллар параға сатып алмақ болған бір ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы қалалық қаржы полициясы өзінің әріптесін 25 мың доллар параға сатып алмақ болған бір ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады

Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаменті (қаржы полициясы) әріптесін 25 мың доллар параға сатып алмақ болған "Конто" ЖШС-нің директоры В.Соловьеавтың үстінен қозғалған қылмыстық істі тексеруде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2004
  • 519
Фото - Caravan.kz

21-мамыр күні «Т+» атты ЖШС директоры Н.Ремков Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаментіне шағым түсірген. Оның хабарлауынша, 2004-жылдың 2-сәуірінде «Конто» ЖШС мен «Т+» ЖШС арасында 41,9 млн. теңгеге жабдық сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойылады. Соңынан В.Соловьев Н.Ремковқа келісім-шарт құнын 70 мың долларға азайту туралы ұсыныс жасайды. Сол үшін ол Н.Ремковтан бухгалтерлік құжаттарда көрсетпей 35 мың доллар беруді талап етеді. Сөйтіп, В.Соловьев жабдық сату туралы келісім-шарт құнын қағаз бетінде жөндеп, оны 32,2 млн. теңге етіп көрсетеді.

2004-жылдың 21-мамырында В.Соловьевты департамент қызметкерлері 25 мың доллар мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Тергеу кезінде ЖШС директоры мұнай өңдеу жабдықтарын сату және оны құрастырып беру жөніндегі келісім-шарт бойынша берешек мөлшерін азайтып көрсету үшін Н.Ремковтан ақша алғанын мойындады.
Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаменті «Конто» ЖШС-нің директоры В.Соловьеавтың үстінен ҚР Қылмыстық Істер Кодексінің «параға сатып алу » жөніндегі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір осы іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне сәйкес, ақпаратта фирма басшылары мен олардың қожайындарының атауы мен аты-жөні өзгертілген.