Алматы қалалық қаржы полициясы заңсыз іс-әрекеттерімен мемлекетке 3 млрд. теңге шығын әкелген қылмыстық топты әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық қаржы полициясы заңсыз іс-әрекеттерімен мемлекетке 3 млрд. теңге шығын әкелген қылмыстық топты әшкереледі

Алматы қалалық қаржы полициясы заңсыз іс-әрекеттерімен мемлекетке 3 млрд. теңге шығын әкелген қылмыстық топты әшкереледі

Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті (қаржы полициясы) кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу салдарынан мемлекетке 3 млрд. теңге шығын әкелген тұрақты қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Маусым 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Информсервис» Жарнама агенттігі ЖШС директорының орынбасары болған Виктор Штерн 2001-жылдың қазан айында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, өзі басқарған. Бұл топ «қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру, бюджетке салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегін жалған адамдардың атына құрылып тіркелген жалған кәсіпорындар ашу арқылы бүркемелеу жолымен пайда тауып келген».

Ал В.Штерннің сыбайласы — Олег Вавилов ұйымдасқан қылмыстық топ шеңберінде «жалған адамдардың атына жалған кәсіпорындарды тіркеу, оларға банкте есепшот ашу жұмыстарымен айналысқан». Сондай-ақ, О.Вавилов мөр-таңбаларды қолдан жасау, нотариустың атынан өзі қол қою, ақша айналымын жүргізу үшін жалған кәсіпорындардың атынан ұйымдар мен кәсіпорындарға тауар немесе қызмет сатуды жүзеге асырған.
В.Штерн мен О.Вавилов 2003-жылдың 5-маусымында «Информсервис» Жарнама агенттігі ЖШС-нің ғимаратында қамауға алынды. Кеңседегі тінту кезінде В.Штерннің қолынан оның түрлі қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін айғақтайтын құжаттар мен ақша алынды.
Алдын-ала тергеу барысында белгілі болғанындай, ұйымдасқан қылмыстық топ 2001-жылдың қазаны мен 2003-жылдың маусымы аралығында жалған адамдардың атына 10 жалған кәсіпорын тіркеген.
Аталмыш жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы жүзеге асырылған операциялардың жалпы ақшалай айналымы 13,5 млрд. теңгеге жетіп, республикалық бюджетке төленуі тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер мөлшері 3 млрд. теңге болған.
В.Штерн мен О.Вавиловтың кінәсі дәлелденіп, айып жүктелгеннен кейін оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Алматы қалалық қаржы полициясы заңсыз іс-әрекеттерімен мемлекетке 3 млрд. теңге шығын әкелген қылмыстық топты әшкереледі