Алматы қалалық қаржы полициясы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 57 деректің бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық қаржы полициясы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 57 деректің бетін ашты

Алматы қалалық қаржы полициясы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 57 деректің бетін ашты

Алматы қалалық қаржы полициясы биылғы 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 57 деректің бетін ашты. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,3 есе артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, аталмыш қылмыс түріне жататын 59 іс тексеріліп бітті. Ал 2004-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 12 болған.

Атап айтсақ, Алматы қаласы Түріксіб аудандық судьясының үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол айыпкерге тағылған айыпты жеңілдету және қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін айыпкердің әйелінен 5 мың доллар көлемінде пара талап еткен.
9 айдың жұмысын қорытындылаған қаржы полициясындағылар осы мерзімде әшкереленген салыққа қатысты қылмыстар саны 1,7 есеге, ал заңсыз кәсіпкерлікке қатысты әшкереленген істер саны 23-тен 40-қа дейін өскенін хабарлайды.
Сонымен бірге қылмыстық істерді қосымша тексеруге қайтару көрсеткіші 2,3 есе, тексеру тоқтатылған істер саны 1,3 есе кеміді.

Перейти к новостям спорта