Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік департаменті қаладағы 17 базарды жабу немесе жұмысын тоқтату туралы материалдарды сотқа жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік департаменті қаладағы 17 базарды жабу немесе жұмысын тоқтату туралы материалдарды сотқа жолдады

Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік департаменті қаладағы 17 базарды жабу немесе жұмысын тоқтату туралы материалдарды сотқа жолдады

АЛМАТЫ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі мемлекеттік департаменті қаладағы 17 базарды жабу немесе жұмысын тоқтату туралы материалдарды қаладағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа жолдады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне департамент өкілдері хабарлады.

  • 9 Тамыз 2006
  • 790
Фото - Caravan.kz



«Мемлекеттік санитарлық қызметтің тұрақты бақылауында 77 базар бар: азық-түлік тауарларын сататын 38, азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын 39 базар жұмыс істейді,- дейді департаменттегілер. — Жыл басынан бері 50 тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша 142 айыппұл салынып, 35 санитарлық ескерту дайындалды».

Қаладағы базарлар қала әкімінің тапсырмасына және мекемеішілік жоспарға сәйкес тексерілген.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметіне сәйкес, қаладағы 17 базарды жабу немесе жұмысын тоқтату туралы материалдар қаладағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа жолданды. 9 базар бойынша шағым талаптарын қанағаттандыру туралы соттың шешімі шықты. Атап айтсақ, «Көктем», «Қазақфильм», «Гагарина — Западная», «Сәлем», «Серік», «Цветочный» ( «Алматы гүл өсірушілер клубы» ЖШС), «Ботагөз», «Арман-2001», «Нұр» базарлары. Ал қалған базарларға қатысты іс соттың қарауында жатыр.

Мекеме қызметкерлерінің түсініктемесіне сәйкес, аталған базарларда анықталған заң бұзушылықтар бірдей: тұрғын үйлермен арада санитарлық арақашықтықтың жоқтығы, көлік қоятын орынның болмауы; базар нысандары мен сауда-саттық жабдықтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасыздығы; базарларды дұрыс тазаламау; санитарлық нүктелер мен қоқыс жинайтын контейнерлік алаңдардың қолайсыз жағдайы; сатушылардың дер кезінде медициналық тексерулерден өткізілмеуі; санитарлық киімнің жоқтығы; азық-түлік өнімдерін сақтау мен сату шарттарын бұзу. Мәселен, «Нұр» атты автокөлік базары қажетті техникалық және тіркеу құжаттарын тапсырмастан, білермендікпен құрылған, дейді департаменттегілер.

Сонымен бірге 10-15 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан кейбір жекелеген базарларда күні бүгінге дейін ішкі және жапсарлас жатқан аумақтар жайғастырылмаған, сауда-саттық жабдықтары әбден ескірген.

Департамент қызметкерінің Kazakhstan Today агенттігіне хабарлауынша, анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жұмысы уақытша тоқтатылатын немесе біржола жабылатын базарлардың саны бұдан да арта түсуі мүмкін.

Перейти к новостям спорта