Алматы қалалық СЭС алдағы аптада 80 мың адамға қызылшаға қарсы вакцина екпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық СЭС алдағы аптада 80 мың адамға қызылшаға қарсы вакцина екпекші

Алматы қалалық СЭС алдағы аптада 80 мың адамға қызылшаға қарсы вакцина екпекші

Алматы қалалық СЭС алдағы аптада 80 мың адамға қызылша мен қызамыққа қарсы вакцина егу науқанын жүзеге асырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық СЭС-тің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Елена Лавлинская хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 515
Фото - Caravan.kz

Е.Лавлинскаяның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының Алматыда қызылша мен қызамыққа қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатындағы инспекциялық сапарының қорытындысы бойынша қабылданды.

Оның айтуынша, вакцина егу шарасына 15-25 жас аралығындағы жастар, білім ошақтарының оқытушылары мен қалалық дәрігерлер қамтылады.
Қалалық СЭС ақпаратына сәйкес, Алматыда 2004-жылдың қазан айынан бері қызылшаға шалдығу оқиғасы 2 мың мәрте тіркелді. Осы мерзімде 150 мыңдай адамға вакцина егілді.
Е.Лавлинскаяның айтуынша, алдағы уақытта қалада тыныс жолдарының күрделі қабынуы мен тұмау дерті белең алады деп күтілуде. Бүгінде бір тәулікте тыныс жолдарының күрделі қабынуына шалдыққан 150 мыңдай адам тіркелуде. 2005-жылдың қаңтар айының басынан бері Алматыда тұмаумен ауырған 140 адам тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 7-қаңтарынан бері Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті мен СЭС басшыларының бірлескен бұйрығына сәйкес қаладағы дәрігерлік мекемелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Перейти к новостям спорта