Алматы қалалық соты Т.Әмірованың "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшқышы қызметіне қайра оралу туралы шағымын қанағаттандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық соты Т.Әмірованың "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшқышы қызметіне қайра оралу туралы шағымын қанағаттандырды

Алматы қалалық соты Т.Әмірованың "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшқышы қызметіне қайра оралу туралы шағымын қанағаттандырды

Алматы қаласы Медеу аудандық соты "Эйр Астана" әуе компаниясының бұрынғы ұшқышы Тоты Әмірованың "қызметке қайтадан қабылдау, жұмыссыз жүруге мәжбүр болған кездегі жалақыны өтеп беру және бұған дейін белгіленген жазаларды алып тастау" туралы шағым талаптарын толыққанды қанағаттандырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қаласы Медеу аудандық сотынан хабарлады.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 644
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың қаңтар айында Т.Әмірова ҚР президенті Н.Назарбаевқа хат жазып, әуе компаниясындағы кейбір проблемалар туралы хабарлаған. 2005-жылдың 14-қаңтарында коммерциялық құпияны жария еткені үшін (президентке жазған хатында) Т.Әміроваға сөгіс жарияланып, кейінірек соның негізінде жұмыстан шығарылды.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімінде атап көрсетілгеніндей, «Елбасына жазған хатында Т.Әмірованың өз конституциялық құқығын жүзеге асырып, азаматтық ұстанымын білдіруін және бұл ақпараттан уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын ҚР көлік және комуникация министрлігінің хабардар болуын сот коммерциялық құпияны немесе басқа да сеніп тапсырылған құпияны жария ету деп танымайды».
Сонымен бірге құжатта атап көрсетілгеніндей, «аталған жағдайларда сот Т.Әміроваға тәртіптік жаза жүктеп, сөгіс жариялауды негізсіз деп санайды және оны қуатсыз ету қажет деген пікірде».
Т.Әмірованың «жұмыстан шығарылуы қызметкердің іскерлік қабілетіне немесе оның жұмыс нәтижесіне байланысты емес, жұмыс беруші Т.Әмірованың қандай себептермен дәл қандай қызмет бабындағы міндетін аяқсыз қалдырғанын ашып көрсетпеген»,- делініпті құжатта.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңның 29-бабына сәйкес, оны «Эйр Астана» ЖАҚ Боинг — 737-700/800 ұшағының екінші пилоты ретінде жұмысқа қайтадан қабылдап, жұмыссыз жүруге мәжбүр болған кездегі жалақысын өтеп беру міндеттеледі»,- делінген сот шешімінде.

Перейти к новостям спорта