Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Алматы пауэр консолидейтэд» ЖАҚ, «Горгаз», «Горводоканал» РМК тәрізді қаладағы барлық ірі кәсіпорындар баға қымбаттату туралы ұсыныс жасаған. Өтініш бойынша баға 10-50 процентке дейін қымбатталыуы тиіс еді.
Бұл орайда қаланың Түркісіб ауданының біраз бөлігін жылу энергиясымен қамтамасыз етуші «Солтүстік-шығыс энергетикалық кешені» кәсіпорнына ғана баға көтеруге рұқсат берілді. Кәсіпорын отын ретінде пайдаланатын табиғи газ бағасы өсуіне байланысты оған қызмет құнын 9 процентке өсіруге мүмкіндік берілді.