Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті  барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады

Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады

Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті қаладағы коммуналдық қызмет түрлерін ұсынушы барлық монополистердің 2003-жылдың 1-қазанынан бастап баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамай тастады. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте департамент директоры Нұрлан Алдабергенов хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Алматы пауэр консолидейтэд» ЖАҚ, «Горгаз», «Горводоканал» РМК тәрізді қаладағы барлық ірі кәсіпорындар баға қымбаттату туралы ұсыныс жасаған. Өтініш бойынша баға 10-50 процентке дейін қымбатталыуы тиіс еді.

Бұл орайда қаланың Түркісіб ауданының біраз бөлігін жылу энергиясымен қамтамасыз етуші «Солтүстік-шығыс энергетикалық кешені» кәсіпорнына ғана баға көтеруге рұқсат берілді. Кәсіпорын отын ретінде пайдаланатын табиғи газ бағасы өсуіне байланысты оған қызмет құнын 9 процентке өсіруге мүмкіндік берілді.

Соңғы жаңалықтар