Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Әуезов ауданындағы «Жұлдыз ай» ақша айырбастау бөлімшесіне 16-сәуірде қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Кассир-әйелді атып өлтірген қарақшылар 1,5 млн. теңгеге бағаланатын шетел валютасын алып кеткен.
Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 21-сәуір, бейсенбіде ІІББ-ның қылыстық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдіктілер ретінде Алматының екі тұрғынын ұстады. Олардың бірінен шабуыл кезінде пайдаланылған болуы мүмкін деп танылған ПМ тапаншасы тәркіленді.
Қазір екі күдікті де уақытша тергеу қапасына қамалды. Полиция күдіктілерді осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Тәркіленген қару сараптамаға жолданды.