Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері есірткі транзитінің жолын жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері есірткі транзитінің жолын жапты

Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері есірткі транзитінің жолын жапты

Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері Қырғызстан, Қазақстан және Қытай аумағы арқылы Австралияға транзитті есірткі тасымалданып келген жолды жапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005-жылдың шілде айының аяғында Алматы қалалық ҰҚКД-нің қызметкерлері Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бірлесе отырып Алматы халықаралық әуежайының «VIP» күту залында есірткі тасымалдаушы үш адамды ұстады. Тінту кезінде екі Ресей азаматшасы мен бір Қазақстан азаматының денесінен 10 келі героин табылып тәркіленді. Ұсталғандар Пекинге ұшуға қамданып отырса керек.

Шұғыл тергеу шараларының барысында героинді Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізумен және транзитті есірткі тасымалдаушыларды тауып, Олардың Қытайға ұшуын қамтамасыз етіп келген Әзербайжан азаматы анықталып ұсталды.
Тұтқындардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қазір тергеу амалдары жүргізілуде және шұғыл ақпаратты жариялауға болмайды» дегенді алға тартқан ҰҚКД қылмыстық топтың Қытай және Австралия аумағында қалай әрекет еткені туралы ақпаратты ашып айтпай отыр.

Перейти к новостям спорта