Жарияланды: 490

Алматы қалалық және Алматы облыстық ІІББ-на жаңа басшылар тағайындалды

Алматы қалалық және Алматы облыстық ІІББ-на жаңа басшылар тағайындалды. Осы жөніндегі бұйрыққа кеше, 29-желтоқсанда ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков қол қойды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Алматы облыстық ІІББ-ның бастығы болып бұған дейін Алматы полициясын басқарған генерал-майор Қалмұханбет Қасымов тағайындалды. Ал қалалық ІІББ-ын генерал-майор Молдияр Оразалиев басқаратын болды. Бүгін, 30-желтоқсанда Талдықорғанда облыстық полицияның жаңа басшысын ҚР ІІМ қызметкерлер құрамына таныстырады. Қ.Қасымов Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Алматы облысындағы аудандық ішкі істер басқармаларында басқарушылық қызметтер атқарды. Ал 1992-1997-жылдарда қылмыстық полицияның бастығы, Алматы облыстық ІІБ бастығының бірінші орынбасары болды, 1997-жылы ҚР ІІМ-нің бас жедел басқармасын, 1997-жылдан бері Алматы қалалық ІІББ-ын басқарды. М.Оразалиев КСРО ІІМ-нің Қарағанды мектебін бітірген, заңгер. Шымкент, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының ішкі істер басқармаларында түрлі лауазымды қызметтер атқарды. 1997-1999-жылдарда Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ын, 1999-2001-жылдарда Қостанай облыстық ІІББ-ын басқарды. 2001-2002-жылдарда ҚР ІІМ-нің бірінші орынбасары болып істеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін