Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ғалым Боқаш тағайындалды. Ол бұған дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің саяси шолушысы, «Хабар» агенттігінің арнаулы тілшісі, республикалық «Қазақстан» телерадио корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен бірге Ринат Шамсутдинов Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстан-Еуропа құқықтық зерттеулер және инновациялық технологиялар қорының вице-президенті болған. 1991-жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-ін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін ҚР Жоғарғы сотында Республика Елбасының өкілі, ҚР әділет министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, қалалық әкімшіліктің бірқатар маңызды бөлімшелерінің жетекшілері тағайындалды. Атап айтсақ, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Сұлтанбек Мәкежанов, ішкі саясат департаментінің директоры болып Жанболат Мырзалин, Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің директоры болып Алмат Мурзин, Алматы қаласының жер ресурстары басқармасының бастығы болып Қожахан Жабағиев тағайындалды.
Тағайындаулар туралы ақпарат ресми баспасөз беттерінде жарық көрді.