Алматы қаласы аудандық сотының шешімімен "Ассанди таймс" газетіне мемлекеттік кіріске 50 млн. теңге аудару міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы аудандық сотының шешімімен "Ассанди таймс" газетіне мемлекеттік кіріске 50 млн. теңге аудару міндеттелді

Алматы қаласы аудандық сотының шешімімен "Ассанди таймс" газетіне мемлекеттік кіріске 50 млн. теңге аудару міндеттелді

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімімен "Ассанди таймс" газетіне мемлекеттік кіріске 50 млн. теңге аудару міндеттелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қаласы Медеу аудандық сотының хабарламасынан мәлім болды.

  • 16 Шiлде 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Онда атап көрсетілгеніндей, шағым беруші ҚР президентінің әкімшілігі «Ассанди Таймс» газеті мен «Жұлдыз Жолы ЛТД» газетінің құрылтайшысының үстінен сотқа шағым түсіріп, 2-маусымда Navi.kz веб-сайтындағы «»Ассанди таймс» газеті редакциясының мәлімдемесі» атты мақалада жарық көрген мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп мойындап, шағым иесінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялы түрде кешірім сұрау және моральдық шығынды өндіртіп алу арқылы теріске шығаруды сұраған.

15-шілдедегі сот шешімімен шағым жартылай қанағаттандырылды. Газеттегі мәліметтер, соның ішінде «Ассанди таймс» газетінің жасанды санының шығуына ҚР президентінің әкімшілігі қатысты деп айыптау шындыққа жанаспайды деп табылды. Айыпкерге аталмыш мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп бұқараға ашық жариялау және сол мәліметтер таратылған БАҚ-тарда жариялы кешірім сұрау арқылы жалған мәліметтерді жоққа шығару міндеттелді.
Сондай-ақ, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімімен шағымды қанағаттандыру және шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапкердің бүкіл мүлкі мен активтерін, құнды қағаздарын, қолма-қол және есепшоттағы ақшасын тұтқындау туралы шешім қабылданды.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешіміне он күн ішінде Алматы қалалық сотына наразылық білдіруге болады.

Перейти к новостям спорта