Алматы қаласы бойынша 2008 жылдың 1 қыркүйегінде тұрғындар саны 1 млн. 348 мың 500 адам болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы бойынша 2008 жылдың 1 қыркүйегінде тұрғындар саны 1 млн. 348 мың 500 адам болды

Алматы қаласы бойынша 2008 жылдың 1 қыркүйегінде тұрғындар саны 1 млн. 348 мың 500 адам болды

Алматы. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы бойынша 2008 жылдың 1 қыркүйегінде тұрғындар саны 1 млн. 348 мың 500 адам болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 627
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, статистика басқармасының хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша 2008 жылдың 1 қыркүйегінде тұрғындар саны 1 млн. 348 мың 500 адам болды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қалада адам саны 40 мың жанға артқан.

Демек, қалада табиғи жолмен ұрпақтың өмірге келуі арта түскен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 2008 жылдың қаңтар- қазан айлары аралығында өмірге 30562 сәби келген. Ал 2007 жылы олардың саны 26969 нәресте болатын.

Қала тұрғындары санының артуына жасалып жатқан оң қадамдар, мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асқан «100 мектеп пен 100 аурухана» жобасы, травматологиялық, кардиологиялық және онкологиялық көмектерді барынша жетілдіру, медициналық қызмет сапасын жақсарту ойдағыдай ықпал етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар