Жарияланды: 460

Алматы қаласы бойынша КБД бір күнде 500-ге жуық автокөлікті ресімдеп шығарды

Күшейтілген жұмыс режіміне көшкен Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бір күнде 500-ге жуық автокөлік құралын ресімдеп шығарды. Бұл туралы Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Департаменттен хабарлағандай, Кедендік ресімдеу орталықтары күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылды және 28-29 маусым аралығында 489 автокөлік ресімдеуден өтіп, иелеріне тапсырылды. «Сондай-ақ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменттері жеке тұлғалар кедендік төлемдер мен салықтарды уақытылы төлей алу үшін банк қызметтерімен жұмыс уақытын ұзарту туралы келісім жасады. Кедендік органдар жүктерді қазақстандық-қытай шекарасы арқылы өткізу мәселелерінің сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді жеңілдіктермен ресімдеу сұрақтарының оңтайлы шешілуі үшін қолдан келгенді істеуде», - делінген таратылған хабарламада. Кеденшілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 1 шілдесіндегі №682-ші қаулысымен бекітілген, жеке тұлғаларға автокөлік құралдарын кедендік төлемдер мен салықтардың бірыңғай жеңілдетілген ставкасымен кедендік декларациялау мерзімінің 2011 жылдың 1 шілдесінде аяқталатынын еске салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін