Алматы қаласы БҰҰ-ның аймақтық орталығы мәртебесін алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы БҰҰ-ның аймақтық орталығы мәртебесін алады

Алматы қаласы БҰҰ-ның аймақтық орталығы мәртебесін алады

Алматы қаласы БҰҰ-ның аймақтық орталығы мәртебесін алады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қазақстандағы БҰҰ миссиясының басшылығымен кездесуінде мәлім етті.

  • 10 Маусым 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Алматы қаласын көпжақты дипломатияның субаймақтық деңгейдегі жүйелік торабына (ХАБ) айналдыру бойынша Қазақстанның жоспарларын жүзеге асыру алдағы ынтымақтастығымыз үшін жақсы негізге айналуда. Алматыға БҰҰ аймақтық орталығы мәртебесін беру Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтатын аймақтық жобаларды ірі көлемде іске асыруға ғана емес, Ауғанстан және Оңтүстік Кавказ сияқты жақын жатқан елдер мен аймақтарды «Дамуға көмек аумағына» енгізу үдерісіне жаңа серпін беруге ықпал етер еді»,-деп атап көрсетті министр.

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан өз тарапынан Алматыдағы БҰҰ өкілдіктерінің аймақтық рөлін нығайтуда, олардың жобалық қызметін кеңейтуде аса белсенді көмек көрсетуге дайын екендігін баса айтты.

«Біз халықаралық ұйымдарды Алматыдағы аймақтық өкілдіктерінің орналасуы мен сәтті қызмет етуіне қажетті барлық жағдайларды жасап отырмыз. Салып жатқан күш-жігеріміздің айқын мысалы ретінде мына мысалды келтіруге болады. — Биыл Қазақстан БҰҰ төлқұжатының иелері үшін визасыз режим енгізді»,-деп түйіндеді сөзін Е. Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар