Алматы қаласы мен облысында іс жүзінде тұтынылған электр қуаты жөнінде шынайы ақпаратты алу акциясы жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы мен облысында іс жүзінде тұтынылған электр қуаты жөнінде шынайы ақпаратты алу акциясы жүргізілуде

Алматы қаласы мен облысында іс жүзінде тұтынылған электр қуаты жөнінде шынайы ақпаратты алу акциясы жүргізілуде

Алматы. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы мен облысында іс жүзінде тұтынылған электр қуаты жөнінде шынайы ақпаратты алу акциясы жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ДамуЭнергоСервис" ЖШС сілтеме жасай отырып.

  • 7 Тамыз 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«ДамуЭнергоСервистің» хабарлауынша, тексерушілер ай сайын Алматы қаласы мен Алматы облысындағы заңды және жеке тұлғалардың электр қуатын есептеу құралдарының көрсеткіштерін алады.

«Іс жүзінде тұтынылған электр қуаты жөніндегі шынайы ақпаратты алу электр қуатының нормативтен тыс шығындарының мекендерін анықтауға мүмкіндік беріп, дебиторлық қарыздың азаюын қамтамасыз етеді», — деп хабарлады компания.

Компания «ДамуЭнергоСервис» тексерушілері арнайы бірыңғай формаға киінгенін және өздерінде бейдж-куәлік бар екенін хабарлайды.

«Тексерушілерді есептеу құралдарына жіберу міндетті. Өйтпеген жағдайда, «Жібермеу туралы» акт рәсімделеді және «Электр қуатын пайдалану ережесіне» сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады», — деп ескертеді компания.

Сондай-ақ, компания «ДамуЭнергоСервис» тексерушілері де, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС немесе «АПК» АҚ өкілдері тексеру орнында тұтынушылардан ақы алуға құқықтарының жоқ екендігін еске салады. Электр қуатының төлемі тек банк бөлімшелерінің кассаларында ғана жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар