Алматы қаласы мен облысының кедендік бақылау департаменттері Қытаймен шекарада тоқтап тұрған 289 көліктегі жүктерді қабылдауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы мен облысының кедендік бақылау департаменттері Қытаймен шекарада тоқтап тұрған 289 көліктегі жүктерді қабылдауға дайын

Алматы қаласы мен облысының кедендік бақылау департаменттері Қытаймен шекарада тоқтап тұрған 289 көліктегі жүктерді қабылдауға дайын

Алматы қаласы мен облысының кедендік бақылау департаменттері Қытаймен шекарада тоқтап тұрған 289 көліктегі жүктерді қабылдауға дайын.

  • 27 Маусым 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар аталмыш департаменттер «Қорғас» кеден бекеті арқылы күніне 200-ге жуық Қытайдан келетін көліктерді жіберіп отыратын болды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Қытай ынтымақтастық комитеті 22-25 маусым күндері Алматыда шекаралас кедендік қызметтердің кезектен тыс мәжілісін өткізді. Мәжіліске Алматы қаласы мен облысының кедендік бақылау департаментінің басшылары қатысты. Ал Қытай тарапынан жиынға Үрімші қаласының кеден басқармасы бастығының орынбасары қатысты. «Жиын барысында тараптар Қазақстан-Қытай шекарасында тұрып қалған көліктерге қатысты мәселені шешу үшін тиімді шаралар қолдану қажеттігін айтты. Кездесу барысында Қытай тарапы өздерінің шекараларында мыңға жуық

жүк көліктері тұрып қалғандығын жеткізді. Олардың 289-ы кедендік рәсімдеулерден өткен. Сондай-ақ Қазақстан тарапы жолаушылары бар автобустардың шекарадан өту тәртібін белгілеуді ұсынды. Бұған қоса қазақстандықтар автобустардың өту тәртібін екіжақты құжатпен бекіту қажет деген ойларын білдірді. Ал Қытайдан Қазақстанға экспорт үшін әкелінген жүктердің құжаттарын сейф-пакеттерге салып, тиісті кеден органдарына жіберіп отыру керек деген ұсыныстарын білдірді. Қытай тарапы бұл мәселені құзырлы органдармен талқылайтындықтарын жеткізді»,-деді комитет төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар