Биыл Алматы қаласында білім жүйесін дамытуға 31 млрд. теңге бөлінді, бұл бюджеттің шығыс бөлігінің 22% -ын құрайды. Сонымен қатар, мектептер мен бала бақшалардың материалдық — техникалық базасын нығайтуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатқа үстіміздегі жылы 2 млрд. 400 млн. теңге, бөлініп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Күрделі жөндуге биыл 4 млрд. теңге жұмсалды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Мамыр», «Құлагер», «Жетісу-2», «Ұлжан» ықшамаудандарында, Райымбек-Казаков көшелерінің қиылысына орналасқан, 7 мектеп пен бір мектеп-интернат салынуда. Бұл мақсат үшін бюджеттен 5 млрд 700 млн теңге бөлінген. Білім нысандарының бір бөлігі биыл , екіншісі 2009 жылы пайдалануға берілетін болады.
Атап айтсақ, «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыдағы № 104 орта мектеп ғимаратына қосымша нысан салынды.
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы № 104 орта мектепке 400 орынды қосымша салынған құрылыс пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қатысты.
640 орынды № 104 орта мектеп 1991 жылы ашылған болатын. 1040 оқушыға арналған оқу орнында қазіргі кезде 1249 бала оқиды. Жыл сайын бала санының көбеюіне және Алматы қаласының әлеуметтік- зкономикалық дамуына байланысты үстіміздегі жылы аталған мектеп жанынан қосымша құрылыс салынып, оған 338 млн. теңге бюджеттік қаржы жұмсалды. Жаңа мектепте конференц-зал, үлкен спорт және шахмат залы, 16 сынып бар, оның барлығы заманға сай жабдықталған және мультимедийлық кабинет жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті