Алматы қаласында "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 білім нысаны салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 білім нысаны салынуда

Алматы қаласында "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 білім нысаны салынуда

Алматы. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 білім нысаны салынуда, оның ішінде 120 орынды 7 балабақша бой көтерген, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 1135
Фото - Caravan.kz

Биыл Алматы қаласында білім жүйесін дамытуға 31 млрд. теңге бөлінді, бұл бюджеттің шығыс бөлігінің 22% -ын құрайды. Сонымен қатар, мектептер мен бала бақшалардың материалдық — техникалық базасын нығайтуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатқа үстіміздегі жылы 2 млрд. 400 млн. теңге, бөлініп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Күрделі жөндуге биыл 4 млрд. теңге жұмсалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Мамыр», «Құлагер», «Жетісу-2», «Ұлжан» ықшамаудандарында, Райымбек-Казаков көшелерінің қиылысына орналасқан, 7 мектеп пен бір мектеп-интернат салынуда. Бұл мақсат үшін бюджеттен 5 млрд 700 млн теңге бөлінген. Білім нысандарының бір бөлігі биыл , екіншісі 2009 жылы пайдалануға берілетін болады.

Атап айтсақ, «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыдағы № 104 орта мектеп ғимаратына қосымша нысан салынды.

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы № 104 орта мектепке 400 орынды қосымша салынған құрылыс пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қатысты.

640 орынды № 104 орта мектеп 1991 жылы ашылған болатын. 1040 оқушыға арналған оқу орнында қазіргі кезде 1249 бала оқиды. Жыл сайын бала санының көбеюіне және Алматы қаласының әлеуметтік- зкономикалық дамуына байланысты үстіміздегі жылы аталған мектеп жанынан қосымша құрылыс салынып, оған 338 млн. теңге бюджеттік қаржы жұмсалды. Жаңа мектепте конференц-зал, үлкен спорт және шахмат залы, 16 сынып бар, оның барлығы заманға сай жабдықталған және мультимедийлық кабинет жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар