«ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 3 маусым күні түнгі сағат 3-тен 6 минут кеткенде Қырғызстан Республикасының аумағында К=11,3 энергетикалық санатымен жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен Алматы қаласында сезілді», — делінген таратылған хабарламада.
Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар түсіп жатқан жоқ.