Алматы қаласында тағы жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында тағы жер сілкінді

Алматы қаласында тағы жер сілкінді

Бүгін түнде Қырғызстан Республикасында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматы қаласында сезілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz



«ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 3 маусым күні түнгі сағат 3-тен 6 минут кеткенде Қырғызстан Республикасының аумағында К=11,3 энергетикалық санатымен жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен Алматы қаласында сезілді», — делінген таратылған хабарламада.

Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар түсіп жатқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар