Алматы қаласының 2013 жылғы бюджеті мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының 2013 жылғы бюджеті мақұлданды

Алматы қаласының 2013 жылғы бюджеті мақұлданды

Бүгін Алматыда бесініш шақырымдағы қалалық мәслихаттың ХІ сессиясында 2013 жылдың бюджеті мақұлданды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 257
Фото - Caravan.kz


Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдоловтың айтуынша, шаһардың 2013 жылғы аймақтық ішкі өніміне болжам 5 694,7 млрд. теңге, ал инфляция деңгейі 7-8 пайыз көлемінде болады деп белгіленіп отыр. Жергілікті бюджет түсімдері 207,9 млрд. теңге, шығыстар 207,8 млрд. теңге болмақ. Онда білім беру саласын дамытуға — 48 млрд. 418 млн. 841 мың, денсаулық сақтау саласына — 24 млрд. 591 млн. 361 мың, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға — 6 млрд. 981 млн. 649 мың, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және энергетика саласын дамытуға 22 млрд. 705 млн. 649 мың, көлік инфрақұрлымын дамытуға — 14 млрд. 70 млн. 400 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ табиғатты қорғау шараларына — 4 млрд. 31 млн. 359 мың; мәдениет, тілдерді дамыту және ақпараттық кеңістікке — 4 млрд.653 млн. 41 мың; төтенше жағдайларды ескерту шаралары мен азаматтық қорғанысқа — 1 млрд. 157 млн. 817 мың теңге бөлінбек.

Басқарма бастығының бұл есебін талқылаудан кейін депутаттар алдағы жылдың жергілікті бюджетін бірауыздан мақұлдады. Оның жалпы сомасы — 287 млрд. 931 млн. 655 мың теңгені құрап отыр.