Алматы қаласының әкімдігінде Азиада -2011 ойындарына дайындық жөнінде кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімдігінде Азиада -2011 ойындарына дайындық жөнінде кеңес өтті

Алматы қаласының әкімдігінде Азиада -2011 ойындарына дайындық жөнінде кеңес өтті

Алматы. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Алматы қаласында 2011 жылы өтетін 7 - ші Азия ойындарына дайындық барысы, осыған қатысты салынып жатқан түрлі спорт нысандарының қазіргі жағдайы туралы мәселе қараған кеңес болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 570
Фото - Caravan.kz

Қазіргі кезде Азиадаға қатысты барлық нысандар күнделікті тексеруден өтуде. «Шымбұлақ» тау шаңғы кешені мен «Медеу» мұз айдынын, шаңғы трамплиндерін К-95, К-125 техникалық қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Алматы облысындағы шаңғы және биаотлон стадиондарының құрылысы да сөз болды. Бұрын жылу беру үшін берілген техникалық шарттар оларды беруші «ҚазМұнайГаз» ҰК арқылы қайтарылып алынған. Өзге коммуникациялар бойынша техникалық шарттар әлі берілмеген. Алматы қаласының әкімі осы мәселелерді шешуді тапсырды.

«Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде қаржының жоқтығы салдарынан аспалы жол мен паркингтің құрылысы тоқтап қалған. Қазіргі кезде Қазақстан Даму банкімен несиелік шарт жасалды, келесі аптадан бастап құрылыс қаржыландырыла бастайды. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын қайта жабдықтау жөніндегі мемлекеттік сараптама да берілуге жақын. «Променад» және «Олимпик Сервис» ЖШС-нен жерді қайтарып алу жөніндегі құжаттарға қол қойылған, бұл араға автопаркингтер салынатын болады. Қазіргі кезде қайтарылып алынатын жердің құны анықталу үстінде.

Азия ойындары Баспасөз орталығының құрылысы «ВЕК» Корпорациясы ЖШС-нің бизнес- орталығының орнына салынатын болады. Бизнес- орталықты Баспасөз орталығына айналдыру жөніндегі жұмыс басталып кетті. Қазіргі кезде жоба аудиті жасалуда.

«Медеу» мұз айдынын қайта жабдықтау жұмысы қанағаттанарлықсыз жүруде. Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында жоба мердігері құрылыс жұмыстарының кестесін ұсынған болатын. Қазіргі кезде мінбені және алаңды демонтаждау жүруде.

Азия ойындарының аяқталу салтанаты Алматы қаласында өтетіндіктен кеңес барысында онлайн режимімен оны бір мезгілде Алматы және Астана қаласында көрсету ұсынылды. Келісім алу үшін бұл ұсынысты Астанаға жіберу керек деп шешілді.

Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Алматы қаласында 2011 жылы 7-ші Азия ойындарын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті бекітілді. Жоспар жасалынып, қауіпсіздік, десаулық сақтау, қонақтарды күтіп алу мен орналастыру сияқты түрлі мәселелер кеңінен сөз болды және ұсыныстар айтылды. Әкім бірқатар мердігерлер атына сын айтып, өзінің орынбасарына олардың кәсіби біліктілігін тексеру жөнінде тапсырма берді.

«Осының барлығы Алматы қаласының аумағында өтетін болғандықтан біз Азия ойындарына дайындық барысын қатаң бақылауға алатын боламыз. Біз дайындық барысының нақтылы көрінісін білуге тиіспіз», — деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар