Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Алматы Халықаралық аэропорты" АҚ-ында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Алматы Халықаралық аэропорты" АҚ-ында болды

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Алматы Халықаралық аэропорты" АҚ-ында болды

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Алматы Халықаралық аэропорты" АҚ-да болып, салынып жатқан жаңа халықаралық жолаушылар терминалы мен ұшу- қону алаңының құрылысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

Екінші ұшу — қону алаңы құрылысының жобасын «Казаэропроект» жобалау институты жасаған. Құрылыстың жалпы құны — 50 млн АҚШ доллары. Құрылысқа қазіргі заманғы ең озық технологиялар мен материалдар пайдаланылуда. Жоба барысында III категориялы жарық арқылы белгі беретін қондырғы жасау да ескерілген, бұл әуе ұшақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайдың өзінде әуе лайнерлерінің ойдағыдай қонуына мүмкіндік береді. Халықаралық нормаға сай жасалған, жарық арқылы белгі беретін бұл қондырғының жалпы сомасы — 10 млн АҚШ доллары.

Қазіргі кезде жаңа терминалдың концепциясы жасалып, жобалау жұмыстары сапалы жүріп жатыр. Жаңа терминалға бөлінген инвестиция мөлшері — 200 млн АҚШ доллары. Сонымен қатар, аэропорт-Сити құрылысының жобасы да аяқталып қалды. Алматы қаласының әкімі «Алматы Халықаралық аэропорты» АҚ-ның вице президенті А. Гордеевке жаңа терминалдың құрылысын жүргізгенде коммуникация, канализация және тазалау қондырғыларын қатар салу қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар