Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Францияның бас консулын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Францияның бас консулын қабылдады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Францияның бас консулын қабылдады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін Франция Республикасының Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренарды қабылдады.

  • 26 Тамыз 2015
  • 888
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматы мен Франция арасында сауда-экономикалық, білім, гуманитарлық және басқа да  салаларда мемлекетаралық ынтымақтастықтың артып келе жатқандығын атап өтті.

«Алматы қаласы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Қазір екі ел арасында жоғары деңгейдегі келісімдер ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд жүргізіп отырған саясат екі жақты байланыстың нәтижелі кепілі болып табылады», — деді Бауыржан Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2014 жылы желтоқсан айында «Сорбонна — Қазақстан» институты ашылғаны белгілі. Сонымен қатар, елімізге келетін француз азаматтары үшін рұқсатнамасыз режім енгізілген. Алматы әкімдігі тау туризмін дамыту мақсатында «Монталь» Франция тау кластері» және «Пома» тобымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.


Инвестициялық ахуалдың жақсаруы арқасында елімізде Қазақстанда француздық компаниялардың саны арта түсуде. Мысалы, бүгінгі күні Алматыда 21 қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорын және француз капиталы қатысқан 39 кәсіпорын тіркелген. 2015 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Алматы мен Франция арасындағы тауарайналымы 132,6 млн. АҚШ долларын құрады.

Өз кезегінде француз делегациясының мүшелері қала әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылықтарын білдірді және іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту бағыттарын бірлесе талқылады.

Соңғы жаңалықтар