Э.Ферейра Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Филиппины сапары кезіндегі ресми шақыруына сәйкес жұмыс сапарымен Алматыға келіп отыр. Аталмыш сапар барысында Н.Назарбаев Э.Ферейраны Қазақстан Республикасының Филиппины мемлекетіндегі құрметті консулы етіп ресми түрде бекіткен.
Консул сапарына дайындық жұмыстарын ҚР индустрия және сауда министрлігі мен ҚР СІМ бірлесе атқарды.
Э.Ферейра екі ел арасында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастық орнату мақсатымен Қазақстанға келіп отыр.Сондай-ақ, консул сапарының тағы бір мақсаты — Қазақстандағы инвестициялық климат пен рынокты зерттеу болмақ.
Э.Ферейраның айтуынша, ол елдің компаниялары ауылшаруашылығы жабдықтары мен электронды өнімдер өндіруші бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. Сондай-ақ, Қазақстанмен мұнай және минераоды ресурстар өндіру және зерттеу, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру саласында ынтымақтастық орнатуға пейіл.
Э.Ферейра өз еліне оралғаннан кейін Алматыда Филиппины мемлекетінің сауда және мәдени миссиясын орнатуға дайындық жұмыстарына кіріспекші.
1950-ші жылы іргетасы қаланған Филиппины Менеджмент қауымдастығы — іскерлік және білім беру саласындағы форум болып табылады. Оған Филиппины аумағында жұмыс істейтін трансұлттық және жергілікті компаниялардың лауазым иелері кіреді. Қазіргі таңда қауымдастыққа 755 мүше біріккен. Үкіметтік емес ұйым болып табылатын қауымдастық түрлі бизнес компанияларының басқару әдістемесін жетілдіру мақсатын көздейді. Қауымдастық өз іс-шараларын менеджемент тақырыбында жыл сайынғы конференциялар, семинарлар мен брифингтер ұйымдастыру, өндіріс нысандарына таныстық сапарлар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады. Қазіргі жағдаймен Филиппины басқару қауымдастығы елдегі ең ірі әрі беделді ұйымға саналады. Ол елдегі жетекші компаниялардың өкілеттілігі арқылы құрылған.