Алматы қаласының әкімі Одесса облысының делегациясымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Одесса облысының делегациясымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Одесса облысының делегациясымен кездесті

Алматы. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін қаламызға Одессаның Алматыдағы мәдени күндері аясында келген Одесса облысының делегациясымен ресми кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

Украина мен Қазақстанның арасында тарихи қалыптасқан достастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында, екі елдің президенттері, 2007 жылы Украинада Қазақстан жылын және 2008 жылы Қазақстанда Украина жылын өткізу туралы келісімге қол қойған болатын. Өткен жылы Украинадағы Қазақстан жылының аясында, Одессада Алматы мәдениетінің күндері өткізілген болатын. Үстіміздегі жыл Қазақстандағы Украина жылы болып жарияланған және соның аясында Алматыда Одесса мәдениетінің күндері өткізілуде.

Ағымдағы жылдың қазан айының 21-ші және 25-ші жұдыздары аралығында өтетін мәдени күндер аясында, Алматының тұрғындары мен қонақтарының назарына Украина өнер қайраткерлерінің концерттері, Одесса орыс драма театрының спектаклі, Одесса киностудиясы фильмдерінің фестивалі, одессалық суретшілердің көрмесі және көркем сурет көрмесі ұсынылатын болады.

Кездесуде екі жақ, мәдениет және экономика саласындағы қарым-қатынастарды әсіресе екі елдің экономикалық потенциалын және қарқынды өсіп келе жатқан тауар айналымын ескере отырып нығайту жайын талқылады. Сонымен қатар, достастық қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды факторлардың бірі — екі республиканың ортақ тарихи және мәдени мұрасы екені айтылды.

«Бұл мәдени айырбас біз үшін Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен жақсы қарым-қатынастарды нығайтуда өте пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынастар өте жақсы, мәдени, гуманитарлық және экономикалық салада тығыз іскерлік орнатуымызға еш кедергі жоқ»,- деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар