Алматы қаласының әкімі Пәтер иелері коопертивтеріне өз бюджеттерін ұлғайту үшін дәстүрден тыс кіріс көздерін қарастыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Пәтер иелері коопертивтеріне өз бюджеттерін ұлғайту үшін дәстүрден тыс кіріс көздерін қарастыруды ұсынады

Алматы қаласының әкімі Пәтер иелері коопертивтеріне өз бюджеттерін ұлғайту үшін дәстүрден тыс кіріс көздерін қарастыруды ұсынады

Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов Пәтер иелері коопертивтерінің басшыларына өз бюджеттерін ұлғайту үшін дәстүрден тыс кіріс көздерін қарастырып, "коммерциямен айналысуды" ұсынады. Бұл туралы ұсынысты ол Алматы қаласы Алмалы ауданын аралаған кезде ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, В.Храпунов тұрғын үйлердің ауласындағы учаскелердегі автотұрақтардан төлем алу, немесе үйлердің фасадында саяси партиялардың жарнамасын орнатуды ұсынды. «Қажет жағдайда әкімшілік сіздерге үйлердің ауласына кіре берістерде шлагбаум орнатуға рұқсат береді»,- деді әкім.

Аудандарды аралау барысында әкім бұл жолы қалалық бюджеттен аулаішілік аумақтар мен аяқжолдарды жайластыру үшін бөлінген қаржының пайдаланылуын бақылауды көздеген. 2004-жылы бұл мақсатқа 300 млн. теңге бөлінді. Бұл аудандық әкімшіліктерге соңғы 10 жылда аталмыш мақсатқа бөлінген алғашқы трансферт болмақ. Алдағы екі аптада В.Храпунов қала аудандарын осындай тексерумен жаппай аралап шықпақшы.

Перейти к новостям спорта