Алматы қаласының әкімі қаладағы базарлардан салық жинау жұмысын жақсартуға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі қаладағы базарлардан салық жинау жұмысын жақсартуға тапсырма берді

Алматы қаласының әкімі қаладағы базарлардан салық жинау жұмысын жақсартуға тапсырма берді

Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов салық мекемелеріне қаладағы базарлардан салық жинау жұмысын жақсартуға тапсырма берді. Бүгін, 20-шілдеде Алматыдағы құқық қорғау мекемелері үйлестіру кеңесінің бас қосуында осындай нұсқау берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Шiлде 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, Алматыдағы 75 базар тауар айналымының 65 процентін қамтамасыз етіп, жылына 1,5 млрд. теңгенің салығын әкеледі. Ал қаладағы басқа да сауда кәсіпорындарынан, дүкендер, сауда орталықтары мен қоймалардан 40 млрд. теңгеден астам қаржы құйылады. Импорттық тауарлардың кедендік салықтардан жаппай жалтару тәжірибесін және ондай тауарлардың басым бөлігі базарларда сатылатынын ескерсек, қаладағы базарлардан түсетін салық түсімін 100 млрд. теңгеге жеткізуге мүмкіндік бар. Ал Алматы қаласының бюджеті 30 млрд. теңгені құрайды, деді әкім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, ел ішіндегі жалпы тауар айналымының көлемі 2005-жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 181,9 млрд. теңгені құрады. Ал қаладағы бөлшек тауар айналымы осы мерзімде 201,2 млрд. теңге немесе жалпы республикалық көрсеткіштің 41,5 процентін құрады.

Перейти к новостям спорта