Алматы қаласының әкімі қалалық бюджеттен алынатын алымдар мөлшерін арттыруға болмайды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі қалалық бюджеттен алынатын алымдар мөлшерін арттыруға болмайды деп санайды

Алматы қаласының әкімі қалалық бюджеттен алынатын алымдар мөлшерін арттыруға болмайды деп санайды

"Алматы қаласын қаржыландыруға арнап 2006-жылғы бюджеттен бөлінетін қаржының жобасын қабылдауға болмайды". Бүгін, 4-қазанда "2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жөніндегі мәжілістің жұмыс тобының отырысы барысында Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 4 Қазан 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz



Әкім жария еткен ақпаратқа сәйкес, 2006-жылға арналған Алматы қалалық бюджетінің жобасында 91,8 млрд. теңге көлемінде кіріс көзделген. Ал жалпы кіріс көлемінің 61,5 процентін , немесе 56,5 млрд. теңгені республикалық бюджетке аудару жобаланып отыр. 2005-жылы 86,4 млрд. теңгенің кірісінен 45,4 млрд. теңгесін, яғни, жалпы кірістің 52,5 проценті аударылды. «Демек, бюджеттік алымдар көлемінің өсімі қалалық бюджет кірісінің тиісті өсімінен артып кетуге байланысты бюджет шығыстарын қысқартуға тура келуде»,- деді И.Тасмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, «бюджет саласы қызметкерлерінің жалақсын арттыруға байланысты жергілікті бюджетке түсетін ауыртпалық едәуір артып отыр». Әкімнің ақпаратына сәйкес, бұл мақсатқа бөлінетін шығындардың 43 проценті ғана республикалық бюджеттен бөлінетін тиісті трансферттен алынса, қалған 57 проценті жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.
«Соған сәйкес 2006-жылға арналған бюджеттің болжамдық көрсеткіштері қаладағы ағымдағы шығындарды өтемек түгілі, 2005-жылғы бюджетпен салыстырғанда шығындар көлемін 37,8 млрд. теңгеден 32,3 млрд. теңгеге дейін азайтуға мәжбүр етеді»,- деді әкім. Осыған байланысты «2006-жылға арналған Алматы қалалық бюджетінен аударылатын алымдар мөлшерін қайтадан қарау және республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер көлемін арттыру қажеттігі туындады»,- деді И.Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта