Мерейтойға орай қала әкімі басылым қызметкерлері Қуанбек Боқай мен Рыскүл Жұмабаеваға жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Газеттің басқа да бірнеше қызметкері әкімшіліктің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әдебиет пен мәдениеттің шын жанашыры — «Қазақ әдебиеті» апталық басылымы 1934-жылдың 10-қаңтарынан бастап жарық көрген. Басылымда Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды алыптар түрлі жылдары жұмыс істеді. Қазір газеттің шығармашылық ұжымын ақын Ұлықбек Есдәулет басқарады. Басылым құрылтайшылары — «Қазақ газеттері» ЖАҚ мен Қазақстан жазушылар одағы.