Алматы қаласының әкімі құқық қорғау органдарына жасырын жолмен келетін мигранттармен жұмысты күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі құқық қорғау органдарына жасырын жолмен келетін мигранттармен жұмысты күшейтуді тапсырды

Алматы қаласының әкімі құқық қорғау органдарына жасырын жолмен келетін мигранттармен жұмысты күшейтуді тапсырды

Алматы. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов құқық қорғау органдарына жасырын жолмен келетін мигранттармен жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2008
  • 519
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен жасырын жолмен келетін мигранттар мәселесі жөнінде кеңес өтті. Оның жұмысына атқарушы, құқық қорғау, сот орындарының, сондай — ақ қалалық қызмет көрсету орындарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында жұрттың сыртқы және ішкі миграция барысындағы әлеуметтік — экономикалық мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

Алматы қаласы ІІД-ның бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев айтқандай, қаладағы қылмыстың басым бөлігін Қазақстанның оңтүстік аймағынан және жақын шетелден келгендер жасайтын көрінеді.

«Алматыдағы қылмыстың 55% -ын сырттан келгендер жасайтыны түсінікті. Өйткені, бұрнағы жылдары осындай жұмыс күшін өздерінде пайдаланған құрылыс ұйымдарының арсыз басшылары оларға тиісті еңбек ақыларын төлемеген. Олар жалақысыз өз елдеріне,үйлеріне кете алмауда», — деді Ахметжан Есімов. Ол қала прокурорына және құрылыс секторына жауапты өзінің орынбасарына осы мәселемен айналысуды тапсырды.

Еліміздің өзге аймақтарындағыдай, Алматы қаласында еңбек және ішкі мигарциямен заң аясында бірнеше өкілетті ұйымдар айналысуы тиіс. Ал анығына келгенде бұл мәселемен ешкімнің шұғылданбайтындығы анықталды.

Ахметжан Есімов өкілетті органдар басшыларының есептерін тыңдай келіп барлық мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің жеке міндеттерін жауапкершілікпен атқарулары тиіс екендігін атап өтті және қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс барысында әлеуметтік проблемаларды болдырмау үшін мигранттармен жұмысты қатайту қажет екендігін айтты. Ол өкілетті органдардың мониторингтері сараптаманың қаладағы нақтылы мәліметтерге сай еместігіне сын тұрғысында баға берді.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі миграция мәселесі жөнінде жұмыс тобын құруды, Қазақстан Республикасының «Азаматтардың көші-қоны туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы үкіметке ұсыныс жасауды, статистикалық мәліметтерді ретке келтіруді тапсырды.

Қаланың барлық қызмет көрсету орындарына Алматы облысымен бірлесе отырып осы мәселеге қатысты бір ай ішінде арнайы жұмыс жоспарын жасау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар