Кездесу барысында Алматы қаласының әкімі «Таиланд делегаттарының Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ауқымды үлес қосады» дегенге сенім білдірді.
Сонымен қатар бүгін Таиланд ханшайымы Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебі мен Қазақстан мемлекеттік мұражайында болады. Таиланд өкілдері бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі.
Кешкісін ханшайым Ташкентке ұшып кетеді.