Алматы қаласының әкімі тұрғын үй нысандарының құрылыс барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі тұрғын үй нысандарының құрылыс барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі тұрғын үй нысандарының құрылыс барысымен танысты

Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов коммерциялық тұрғын үй нысандарындағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

Әкім қазіргі кезде тапсырушысы «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» жауапкершілігі серіктестік болып таьылатын «Жетісу-3» ықшамауданында болды. Бұл ЖШС-тің басты мақсаты басталған құрылыс нысандарын аяқтауға мүмкіндіктері жоқ үлескерлер мен құрылысшылар ісін аяқтау. «Жетісу-3» құрылыс нысаны алданып қалған үлескерлер мәселесін шешіп, салынған нысандар мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға беріледі және коммуналды пәтер негізінде қабылданады.

Ахметжан Есімов «Эдельвейс Ahsel Residences» аз қабатты, коттежд типті құрылыс нысанында болды. Оның мердігері — түрік «Ахсель Строительная, Подрядная и Торговая Ко.Инк.» компаниясы. Қала басшысы құрылысы 2006 жылдың тамыз айында басталып, қаржы тапшылығынан тоқтап қалған «Ахселькент» көп қабатты тұрғын үй құрылысымен де танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар