Алматы қаласының әкімі "Жаңа Алатау" атты жаңа қоғамдық қайырымдылық қорының тұсауын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі "Жаңа Алатау" атты жаңа қоғамдық қайырымдылық қорының тұсауын кесті

Алматы қаласының әкімі "Жаңа Алатау" атты жаңа қоғамдық қайырымдылық қорының тұсауын кесті

Алматы. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың бастамасымен құрылған "Жаңа Алатау" атты жаңа қоғамдық қайырымдылық қорының тұсаукесер рәсімі кеше өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 581
Фото - Caravan.kz

«Жаңа Алатау» қоры үстіміздегі жылы ел президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған жаңа Алатау ауданына қаржылай көмек көрсету мақсатымен ашылды. Қорға түскен қаржы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды салуға жұмасалады.

«Жаңа Алатау» қорының қамқоршылық кеңесінің құрамына кәсіпкерлік өкілдері, қала мәслихатының депутаттары, сонымен қатар мәдениет қайраткерлері кірді.

Тұсаукесер салтанатында Алатау ауданында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және құрылыс қарқынын жеделдетуге арналған отандық демеушілердің тарапынан берілген қаржы жиналды. Өз кезегінде қала әкімі кәсіпкерлерді осы жобаға атсалысып, жаңа ауданды дамыту идеясын қолдағандықтарына алғысын білдірді.

«Менің ойымша, ең бастысы — біздің туған қаламыздың дамуына ат салысу. Барлықтарыңызға осындай маңызды әлеуметтік жобаға қатысқандарыңызға рахмет айтқым келеді»,-деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар