Алматы қаласының әкімшілік соты жарнама агенттігіне айыппұл салды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімшілік соты жарнама агенттігіне айыппұл салды

Алматы қаласының әкімшілік соты жарнама агенттігіне айыппұл салды

Сәрсенбі күні Алматы қаласының әкімшілік соты қазақтың белгілі композиторы Құрманғазы мен ұлы орыс ақыны Пушкиннің сүйісіп тұрған суретін салып, постер жасаған Euro RSCG Kazakhstan жарнама агенттігіне айыппұл салды.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 553
Фото - Caravan.kz

«Euro RSCG Kazakhstan» ЖШС Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексінің 1-бөлімі 349-шы бабы бойынша айыпты деп танылсын және 100 АЕК немесе 185200 теңге көлемінде мемлекеттік бюджетке айыппұл төлесін», — деді судья Рауза Әлиева сәрсенбідегі сот отырысында.

Сонымен қатар сот агенттік директоры Дария Хамитжанованы 70 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді», — деп атап өтті судья.

Агенттік директоры соттың қаулысына қарсы шағымданбайтынын айтты.


Бұған дейін хабарланғандай, «Euro RSCG Kazakhstan» ЖШС-нің Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған постері тамыз айында әлеуметтік желілерде талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын.