Алматы қаласының медициналық мекемелерінде ауруларды дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының медициналық мекемелерінде ауруларды дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлейді

Алматы қаласының медициналық мекемелерінде ауруларды дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлейді

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының медициналық мекемелерінде ауруларды дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлейді. Қалалық денсаулық сақтау нысандарының қызметін тексеру нәтижелері осыны көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 731
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, тексеру қала халқының ауруханалар мен емханалардың жұмысына жасаған көптеген шағымдарынан кейін жүргізілген. Оның барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, медицина қызметкерлері ауруларды дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлейді. Тегін немесе 50 пайыздық жеңілдікпен сатылуы тиіс дәрілерді аурулар өздері сатып алады. Қала емханаларында тегін дәрілердің тізбегі жазылып көрсетілмеген.

«Ақылы қызмет бөлімдерінде ақылы медициналық қызметтің белгілі бір түрлеріне баға немесе бірыңғай тариф көрсетілген тақташалар жоқ. Алматы қаласының ауруханалары мен емханаларының барлығында дерлік ҚР санитарлық нормалары мен заңдарын бұза отырып дәріханалар, дүкендер, дәмханалар жұмыс істейді», — деп толықтырылған хабарламада.

Сонымен қатар, тексерушілер ақпараттық стендтердің болмауы, мекеменің жұмыс кестесі туралы ақпарат пен дәрігерлердің қабылдау кестесінің болмауы, анализ тапсыруға және дәрігердің қабылдауына кезектің көп болуы, сенім және анықтама телефондарының болмауы, медицина қызметкерлерінің арасында еңбек тәртібі мен адамгершіліктің болмауы секілді заң бұзушылықтарды анықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар